Вирустық гепатиттер туралы не білу қажет?
Вирустық гепатиттер туралы не білу қажет?
6 жыл бұрын 5543

А вирустық гепатиті - қауіпсіз судың немесе тағамның болмауымен, тиісті санитарияның жоқтығымен және нашар жеке бас гигиенасымен тығыз байланысты, сондықтан оны лас қолдың ауруы деп те атайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, В, С, Д вирустық гепатиттері жұқтырған адам ағзасының қанымен немесе сұйықтығымен байланысы кезінде беріледі: босану кезінде анадан балаға; қауіпсіз емес инъекциялар мен қан құю арқылы; қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде, инъекцияларға арналған құрылғыларды бірлесе пайдаланған кезде инъекциялық есірткілерді тұтыну нәтижесінде беріледі.

Е вирустық гепатиті ауыз суының ластануы нәтижесінде басты түрде фекальді-оральды жолмен беріледі. Е гепатитінің қатер факторлары нашар санитариямен байланысты, оның нәтижесінде жұқтырылған адамның нәжісіндегі вирус ауыз сумен қамтамасыз ету көздеріне түседі.

Ұсынымдар:

- Таза суды тұтыныңыз;

- Қауіпсіз азық-түліктерді пайдаланыңыз;

- Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтаңыз;

- Косметикалық ем-шаралардыарнайы мекемелерде жасаңыз;

-Күмән туғызатын тату, пирсинг-салонынан, шаштараздан, сұлулық салонынан, барбершоптан аулақ болыңыз;

- Тек сенімді мамандарға ғана жүгініңіз және барлық құрал-саймандар Сіздің қатысуыңызбен қаптамадан алынып және өңделгенін талап етіңіз;

- Есірткі қолданбаңыз;

- Қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз;

- А және В гепатитіне қарсы уақтылы вакциналаудан өтіңіз;

- Басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен, оның ішінде қанымен жанасудан аулақ болыңыз;

Ерте кезеңінде вирустық гепатитті диагностикалау вирустың берілуін және асқынудың дамуын алдын алатынын атап өткен маңызды.

Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз.

Гепатит туралы көбірек біліңіз

А,В,С, D және E типті деп аталатын вирустық гепатиттің 5 негізгі түрі бар. В және С типтері цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің ең көп таралған түрі болып табылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, А гепатитінің таралуын қауіпсіз ауызсумен тиісті түрде қамтамасыз ету кезінде, жеке бас гигиенасы мен вакциналауды орындау кезінде алдын алуға болады.

В және С гепатиті кезінде неғұрлым ағзаға инфекция көп түскен сайын, соғұрлым гепатитті жұқтыру қаупі жоғарылайды. Ең үлкен қауіптілікті вирустың едәуір көп мөлшері кездесетін, ағзаның жұқпалы биологиялық орталарымен байланыс тудырады. Бұл тексерілмеген қанды құю немесе оның өнімдерін құю кезінде, сондай-ақ терінің зақымдануымен манипуляцияларды жүргізу кезінде, маникюр, татуировка жасау, стерильді емес немесе нашар өңделген құрал-саймандармен манипуляцияларды жүргізу кезінде, қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде болуы мүмкін. Сонымен бірге босану кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін.

Жеке бас гигиена заттарын: маникюр қайшыларын, тіс қылшақтарын, ұстара жабдықтарын, тіс тазартқыштарын және т.б. бірлесе пайдалану кезінде жыныстық серіктердің, отбасының басқа мүшелерінің жұқтыру қауіп-қатері болады.

В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді.

Өзіңді «В» гепатитінен вакцинаның көмегімен қорғауға болады. Вакциналаудың толық курсында созылмалы инфекция дамуының алдын алу тиімділігі 95%-ды құрайды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні С гепатитіне қарсы вакцина әлі әзірленбеді.

Вирустық гепатиттерді жұқтырудан 100%-ға сақтандырыла алмайсыз. Алайда, бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады:

- маникюр, педикюр, тату, пирсинг және т.б. көп реттік пайдалану құрал-саймандарының және оның бөліктерінің қажетті стерильділігі қамтамасыз етіле алмайтын, күмәнді салондарда, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасамаңыз;

- кез келген бөгде адамдардың стерильді емес қадалғыш, кескіш заттарын, медициналық, маникюрлік және басқа құралдарын пайдаланудан аулақ болыңыз;

- гепатит типтеріне ұдайы тексеріліңіз.

- қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз, тосқауылдық қорғаныс әдістерін пайдаланыңыз (мүшеқаптар)

- егер Сіз В гепатитінен вакцина алмасаңыз, онда екпе жасаңыз.

А вирустық гепатиті жайында ата-аналарға не білу қажет?

А гепатитін лас қол ауруы немесе сарыауру деп те атайды. Ол аурумен кез келген жастағы адамдар, бірақ балалар мен жеткіншектер жиірек ауырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, инфекция көзі ауру адам болып табылады. Гепатит вирусы ағзадан ішек арқылы шығады және нәжістен табылады. Дені сау адамның ағзасына ол ас қабылдау кезінде, сондай-ақ вируспен ластанған тамақпен және сумен лас қол арқылы енеді. Науқастың тәбеті нашарлайды, оң жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, жиі құсу пайда болады және дәретінің сипаты өзгеріп, нәжісі түссізденеді, несебі күңгірттенеді, көздің ағы сарғыш түсті бола бастайды. Кейде дерттің басталуы гтұмауға ұқсас болады. Бұл кезеңде науқас қоршаған адамдар үшін өте қауіпті, себебі вирус ағзадан ерекше қарқынмен шығарыла бастайды. Ауру сарыаурудың белгісі білінбей-ақ, жасырын түрде өтуі мүмкін.

Аурудың алғашқы белгісі пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгіну қажет. Науқас баланың мектепке дейінгі балалар мекемесінің тобында немесе мектеп сыныбында қасындағы барлық балаға ауру жұқтыру қауіптілігін тудырады. Сырқаттың қауіптілігін ескере отырып, өздігінен емделуге жол бермеу қажет.

Маңызды:

-Жеке бас гигиенасының ережелерін орындау, бірінші кезекте, қолды жиі жуу, әсіресе ас әзірлеу кезінде;

- Тағамға тек таза көкөністер мен жемістерді пайдалану; қауіпсіз ауыз су тұтыну және кездейсоқ су көздерінен су тұтыну тәуекелін болдырмау.

- Гепатитке қарсы уақтылы вакциналаудан өту.

0 пікір
Мұрағат