Oтыз жылдан соң Ресей халқы күрт кемиді
Oтыз жылдан соң Ресей халқы күрт кемиді
6 жыл бұрын 9777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға қарай Ресей Федерациясы аумағындағы халық саны қатты құлдырайтын болады. Соғыссыз-ақ, аштыққа ұрынбай-ақ немесе індеттен қырылмай-ақ 132 млн адамға дейін азаяды. Біріккен Ұлттар ұйымының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент сарапшыларының есебінше. Бұл демографиялық дерек біз сөз етіп отырған бүкіл әлемдік ұйымның аталған бөлімшесінің сайтында жарияланған. Ал Қытайға келсек, халық санының өсуі 2030 жылға дейін тоқтамайды, аталған жылдан соң 1,3 млрд адамға дейін кемитін болады. Тек Үндістан ғана 2050 жылға қарай әлемдегі халық саны ең көп ел атанады - 1,6 млрд адам. Осы ғасырдың орта шенінде адамзат 9,7 млрд адамды құрайтын болады.  

0 пікір
Мұрағат