Таиландқа аттансаңыз, сізді әскерилер тіркеуге алады
Таиландқа аттансаңыз, сізді әскерилер тіркеуге алады
6 жыл бұрын 2562 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
Таиландтың қорғаныс министрлігі ел аумағындағы шетелдіктердің деректер базасын іске қосады. Бұл жайында Bangkok Post ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, қауіпсіздік күштері ұлт қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып жатқан жоба аясында ел аумағындағы барлық туристі, инвесторларды және шетелдік жұмысшыларды қамтитын мониторинг жүргізбек. Аталған ел билігі ел аумағындағы шетелдіктердің орналасқан мекен-жайын анықтауға кіріседі. Осылайша кейінгі кезде өршіп бара жатқан трансұлттық қылмыстың, соның ішінде, адам саудасының, террористік белсенділіктің алдын алмақшы. Таяуда ғана Таиланд полициясының кезекті рейді кезінде заңсыз келген 37 шетел азаматын ұстады. Сондай-ақ, Таиландқа келгісі келетін шетелдік арнайы анкета толтырып, онда қайда тұрақтайтынын көрсетуі тиіс. 
0 пікір
Мұрағат