НАҚШБАНДИЯ ТАСАУУФ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
НАҚШБАНДИЯ ТАСАУУФ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
6 жыл бұрын 7447

Көршілес өзбек елінің Бұхара қаласындағы «Мир Араб» медресесінің жанынан (Бәһау әд-дин) «Нақшбандия тасаууф» ғылыми мектебі ашылды. Бұл жайында Muslim.uz сайты хабар таратты.

Аталмыш ғылми мектеп бағдарламасы Нақшбандия тариқатының тәлім-тәрбиесі үйретуге бғаытталған. Сондай-ақ, мұнда Өзбекстанның тарихи һәм мәдени қалыптасуында үлкен орны бар – КубрауияЯсауияҚадария тариқаттары да оқытылады.

Бұған қоса, Нақшбандия тасаууф ғылыми мектебі мынадай негіздер бойынша тәлім береді:

– Тасаууф шейхтар мен Нақшбандия тариқат пірлерінің ғибратты ғұмырларынан сыр шертеді;
– Тариқат пірлерінің хикметті сөздеріне түсіндірме жасалады;
– Дәріске қатысушыларға, негізгі оқытылатын кітаптарды түпнұсқадан оқи алулары үшін, жүйелі түрде араб және парсы тілдері оқытылады, т.б.

0 пікір
Мұрағат