Мемлекет басшысының кейбір Жарлығының күші жойылды
Мемлекет басшысының кейбір Жарлығының күші жойылды
6 жыл бұрын 3492

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13 және 20-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлыққа қосымшаны мына жерден көруге болады.

P.S. Соңғы сөйлемдегі қарамен бөліп көрсетілген "мына" деген сөздің үстінен басыңыз.

0 пікір
Мұрағат