Мысырдың болашақ астанасына Қытай тарапынан төнген қауіп
Мысырдың болашақ астанасына Қытай тарапынан төнген қауіп
5 жыл бұрын 2456 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер жыл бұрын Мысырдың жаңа астанасы болатыны жөнінде хабарлаған едік. Каир қаласында тұрғындардың шектен тыс көбеюіне байланысты. Осы бағытта Мысыр билігі қытайлардың China Fortune Land Development (CFLD) құрылыс компаниясымен арнайы келісім-шартқа отыруға қатысты келіссөз жүргізген болатын. Жаңа астана құрылысын жүргізуге. Жоба құны - 20 млрд доллар. South China Morning Post ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, табаны күректей екі жылға созылған жаңа астана құрылысына қатысты келіссөз доғарылған. Бұған аталмыш жобадан түсетін табысты екі тараптың бөлісе алмауы себеп болып отыр. Каир қаласының шығысында тұрғызылуы тиіс жаңа астана 6070 гектар жерді, яғни, 700 шаршы шақырым жерді алмақ. Аталмыш келісім-шарт мерзімі 25 жылға белгіленген. Жаңа астана құрылысына жауапты мысырлық компания өкілі Халед әл-Хұсейннің айтуынша, Мысыр тарапы аталмыш жобадан түсетін табыстың 40 пайызын иеленуге құқылы, ал CFLD оның тек 33 пайызын ғана ұсынып отыр. Сөз орайы келгенде, кеңінен тарқатып айта кету керек, Мысырдың жаңа әкімшілік орталығына айналуы тиіс астана Мысыр президенті Әбдіфаттаһ әл-Сисидің 2014 жылы билікті қолға алған алғашқы кезде көңіл бөлген мега жобалардың бірінен саналады. Ел экономикасына қарқын беруі тиіс әрі Каирдегі халықтың тығыз орналасуына байланысты пайда болған қат-қабат әлеуметтік, т.б. қордалы мәселелердің шешімі ретінде қолға алынған ауқымды жоба болатын. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Каир қаласы тұрғындарының қарасы 23 млн адамға жетіп қалды. 

0 пікір
Мұрағат