Жасанды интеллекті әлемдік жалпы ішкі өнімнің қанша пайызын қамтамасыз етеді
Жасанды интеллекті әлемдік жалпы ішкі өнімнің қанша пайызын қамтамасыз етеді
5 жыл бұрын 3162 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Консалтинг пен аудит саласында кәсіби қызметін ұсынатын PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық компания желісінің зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2030 жылы жасанды интеллекті әлемдік жалпы ішкі өнімнің 14%-ын қамтамасыз ететін деңгейге жетеді. Бұл көрсеткішті нақты қаражатқа шаққанда 15,7 трлн долларды құрамақ. Жасанды интеллектінің дамуы Қытайда қатты қарқын алатын болады. Осыған байланысты аталмыш елдің жалпы ішкі өнімі 2030 жылы 26%-ға артады немесе 7 трлн доллар табыс әкеледі. Екінші орыннан көрінетін АҚШ-та бұл көрсеткіш: 14% немесе 3,7 трлн доллар. Google-нің қытайдағы бөлімшесінің бұрынғы жетекшісі Кай-Фу Лидің сөзіне қарағанда, алдағы таяу уақытта, дәлірегі, айналдырған 15 жыл ішінде жасанды интеллекті АҚШ-тағы барлық жұмыс орнының 40-50%-ын алмастыратын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, жасанды интеллектіні дамыту Қытай билігінің ел экономикасын өркендету бағытында алға қойып отырған маңызды мақсаттардың бірінен саналады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, "Қытайда жасалған - 2025" деп аталатын мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Аталмыш бағдарламада ел экономикасын барынша автоматтандыру мен осы заманғы озық технологиямен жабдықтау міндеті қарастырылған. Яғни, 2030 жылы жасанды интеллекті саласында көшбасшы атану үшін ұлттық басымдық беріп отыр. Өткен жылы қытайдың венчурлық инвесторлары жасанды интеллекті саласына рекордтық деңгейде қаржы құйды - әлемдегі барлық жасанды интеллектіге бөлінген қаржының 48%-на тең. Қытай стартапына өткен жылы 4,9 млрд доллар инвестиция тартылса, АҚШ-та бұл көрсеткіш 4,4 млрд долларды құраған. Бұдан бөлек, Қытайда 200-ден аса "ақылды" зауыт салынған. Болжам бойынша ішкі интеллектуалдық өндіріс нарығы 220 млрд юаннан (31,78 млрд доллардан) асады. 2020 жылға қарай. Қытайдағы интеллектуалды өндірісті дамытуға қатысты жыл сайын жамалатын баяндамада айтылғандай, 2016 жылы жасанды интеллекті нарығы 106 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылдағысымен салыстырғанда 18,4%-ға көп. 2017 жылы робот өнеркәсібінің өндірісі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 68,1%-ға артқа, Яғни, роботтар саны 130 мың данаға көбейген, бұл әлемдік нарықтағы роботтардың үштен бірін құрайды. 

0 пікір
Мұрағат