Мяньмада ислам дінін қабылдауға ресми тыйым салынады
|
Мяньма парламенті көп ұзамай дінаралық отбасы, наным-сенімді ауыстыру және отбасын жоспарлау туралы заң жобасын талқылайтын болады. Бұл өз кезегінде осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандардың құқығын шектейтіні белгілі болды. Егер бұл заң жобасы қабылданатын болса, наным-сенімін ауыстырғысы келген немесе өзге дінді қабылдауға ниеттенген адам толып жатқан бюрократиялық кедергілерден өтуі тиіс. Мәселен, христианға немесе мұсылманға тұрмысқа шыққысы келген буддашыл әйел жергілікті билік органынан арнайы рұқсат алуы қажет. Я болмаса будда нанымындағы ақ жаулықтымен неке қидырғысы келген мұсылман немесе христиан будда сенімін қабылдауы керек. Бұл жайында Radio Free Asia ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады