Ішімдік саудасының құлдырағанына мұсылмандарды кінәлады
Ішімдік саудасының құлдырағанына мұсылмандарды кінәлады
9 жыл бұрын 2607

Ұлыбританияда лордтар палатасының мүшесі осы елдегі ішімдік саудасының құлдырағанын мұсылмандардан көріп, күлкіге қалды. Нақтырақ айтқанда, сыра ашытатын зауытты ұзақ жыл басқарып келген лорд Ходжсон парламент қабырғасында өткен пікірталас кезінде Ұлыбританияда қарасы артып келе жатқан мұсылмандарды ішімдік саудасына кесірін тигізіп отыр деп айыптай сөйледі. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Дінаралық татулықты насихаттайтын Faith Matters ұйымының жетекшісі Фияз Мугал лордтың бұл мәлімдемесін ақылға сыймайтын сандырақ ретінде бағалады.

0 пікір
Мұрағат