Отадан кейін суқараңғы соқырға айналды
Отадан кейін суқараңғы соқырға айналды
2 жыл бұрын 910

Үндістанның солтүстік-батысында орналасқан Пенджаб штатындағы медициналық лагерде шелден арылу үшін көзіне ота жасатқан 60 адам суқараңғы соқырға айналды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көру қабілеті енді қалпына келмейді. Көзіне ота жасатқандардың бәрінің жасы 60-тан асқан әрі тұрмыстары төмен. Бұл жайында The Times of India ақпарат көзі хабар таратты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, әкімшілік бұдан хабарсыз болып шыққан. Сондай-ақ, ота жасалған жерде тазалық талаптары мүлдем сақталмаған. Қазіргі уақытта полиция көшпелі емхананың қожайынын және онда жұмыс істейтін дәрігерлерді іздестіріп жатыр. Үндістанда мұндай жағдай бұрын да қайталанған. Жуырда белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың қараша айының бас кезінде Мадхья-Прадеш штатында 80-нен аса әйел алаяқтардың құрбаны болды. Отаlан кейін 13 әйел қайтыс болды.

0 пікір