Мұсылмандарды ішімдік пен шылым сатуға мәжбүрледі
Мұсылмандарды ішімдік пен шылым сатуға мәжбүрледі
9 жыл бұрын 3940

Қытайдың Синьцзян провинциясының билігі кәсіпкер мұсылмандарға ішімдік пен шылымды сатуға мәжбүрлеп отыр. Аталмыш провинция билігінің буынсыз жерден пышақ ұрған бұл орынсыз талабын орындамағандардың дүкенін жабатынын да ескертті. Бұл жайында «Washington Post» ақпарат көзі хабар таратты. Билік тарапы бұл талапты діннің ықпалын азайту мақсатында қойып отырғандарын жасырмады. «Бізде діннің ықпалын азайту науқаны жүріп жатыр. Бұл талап осы науқанның біір бөлігі», - деді Ақтас ауылының компартия комитетінің хатшысы Әділ Сүлеймен. «2012 жылдан бері дүкендерде ішімдік пен шылым сатуды тоқтатты. Осы тауарлардың саудасынан пайда көргендер де қоғамнан сескеніп, сатуды доғарды. Міне, осы себепті, бұл қаулыны қабылдадық»,- деді ол сөзін сабақтап. Сондай-ақ, кәсіпкер мұсылмандарға ішімдік пен шылымды дүкен сөрелерінің көзге бірден шалынатын жеріне қоюды да міндеттеген. Осылайша мұсылман кәсіпкерлерін дінімізде құпталмайтын харам іске итермелеп отыр.

1 пікір
  • Allaahim Синьцзян dagi bauirlarga zhardem bere gor...
    Biltir Qitayda Qazaq mektebinde oqitin dosim ramazan kezinde musilman oquwilardi zhainap adeyi auiz awtirip zhiberdi dep edi. Okimeti tiuga tirisqanmen iwki Qitayda ISLAMga bet buruwilar az emes!! Bauirlarimiz uwin DUGA eteyiq agayin!!!!
    9 жыл бұрын
Мұрағат