Мұсылмандарды "хайуанға" теңегені үшін 9600 еуро айып кесті
Мұсылмандарды "хайуанға" теңегені үшін 9600 еуро айып кесті
8 жыл бұрын 2822 muslim.kz
«Пегида» деп аталатын исламофобиялық қозғалыстың басшысы Лутц Бахманға Германия соты Фейсбук парақшасындағы жазбасы үшін 9600 еуро көлемінде айып кесті. Ол өз жазбасында мұсылмандарды «хайуан» деп тілдеген.

Сот барысында айыпталушыны 7 ай көлемінде абақтыға отырғызу туралы талап етілген болатын. Дегенмен, сот оған қаржылай айыппұл салып отыр.

Айта кетейік, «Пегида» басшысының үстінен бұған дейін бірнеше қылмыстық істер қозғалған көрінеді. Автокөлікті мас күйінде жүргізу, есірткі саудасы, кішігірім ұрлықтары үшін Лутц сот алдында сан рет келген еді.

0 пікір
Мұрағат