Құраннан отбасылық сайыс өтті (фото)
Құраннан отбасылық сайыс өтті (фото)
8 жыл бұрын 3186 Ihsan.kz

Саратов қаласындағы ислам кешенінде «Әкем, анам және мен – Құранды жатқа білеміз» атты тақырыпта Құраннан жарыс өтті. Бұл іс-шараны «Зейд бин Сабит» Құран орталығы отбасылық бағыттағы телевизиялық бағдарлама форматында ұйымдастырған.Сайысқа қатысқан үш отбасы тәжуид, қарилардың өмірбаяны, Құранды дұрыс оқу бойынша өз білімдерін сынады. Сайысқа Саратов облысының мүфтиі, имамдар мен мүфти орынбасары қазылық етті. Сұрақтар шариғат заңы мен Құран аясында болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысушылар сұрақтарға еш қатесіз жауап беріпті. Сондай-ақ, сайысқа көрермен қауым да тартылған.

 
0 пікір
Мұрағат