Мұсылмандар үнді радикалдарының қолынан қаза тапты
Мұсылмандар үнді радикалдарының қолынан қаза тапты
8 жыл бұрын 3075

Үндістанда екі мұсылманды  (олардың біреуі әлі кәмелет жасына толмаған – ред.) азаптап өлтірді деген күдікпен бес үнді азаматы тұтқындалды. 32 жастағы Мазлум Ансари мен 15 жастағы Имтияз Хан жұма күні ағашта саулы тұрған күйінде табылған. Екеуі де қаза тапқан. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Hindu» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Олардың үнділер қасиетті деп білетін сиыр саудасымен айналысқаны үшін өлтірілгенін және мұсылмандар өлімімен аяқталған мұндай жағдайдың бұл елде бұрын да бірнеше мәрте орын алғанан айта кету керек. Яғни, ірі қара малының етін тұтынғаны үшін үнді радикалдарының қолынан талай мұсылман қаза тапқан болатын. Полиция Митхилеш Прасад Саха, Прамод Кумар Саха, Манодж Кумар Саха, Авадхеш Саха және Манодж Саха есімді күдіктілерді тұтқындады. Осы қанқұйлы қылмысқа қатысы бар деген тағы үш күдіктіге іздеу жарияланды.

0 пікір
Мұрағат