Ингушетия басшысы нағыз еркектің қалай киіну керектігін көрсетті (ВИДЕО)
Ингушетия басшысы нағыз еркектің қалай киіну керектігін көрсетті  (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3610

Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров «Твиттер» әлеуметтік желісінде нағыз еркектің қалай киіну керектігін ұқтыратын видео жариялады. Бұл видеосында ол баланың бас киіміндегі помпонды кесіп алып тастайды. Бұл жайт ел басшысының елді-мекендердің біріне келген кезде орын алған еді. Жанында еріп жүрген баладан ол: «Сен кімсің, ұлсың ба әлде қызсың ба?» деген сауал қояды. Баланың ұл екенін білгеннен кейін әлгіндей әрекетке барып, нағыз еркектің қалай киіну керектігін ұқтырғандай болды: «Кей мәселелерде мен консервативпін»,- деп түсіндірді ол артынша бұл әрекетін. 

 

0 пікір
Мұрағат