Мұсылмандар шіркеуге тығылып жатыр
Мұсылмандар шіркеуге тығылып жатыр
7 жыл бұрын 3264 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Орталық Африка республикасындағы мұсылмандар "Анти-Балака" деп аталатын христиан тобының содырларынан қашып, шіркеуге бас сауғалап жатыр. Дәлірегі, басқа барар жері, басар тауы қалмаған мұсылмандар шіркеуді пана тұтуға мәжбүр. Мамыр айының 13-17 күндері христиан содырларының зорлық-зомбылық әрекеті кезінде 1500 мұсылман елдің оңтүстік шығысында орналасқан католиктерге арналған шіркеуді паналаған. Бұл жайында Siasat ақпарат көзі хабар таратты. Өздерін пана тұтып келген мұсылмандарлы шіркеу қызметкері Алан Биссиало кері қуып, кеудесінен итермеген. Айта кетейік, лаңкестердің зорлық-зомбылығынан қашып-пысып жүргеніне мен аптап ыстыққа қарамастан африкалық мұсылмандар ауыз бекітіп, ораза ұстап жүр. Мұсылмандар әлі күнге шіркеуді пана тұтып отыр.

0 пікір
Мұрағат