Әлемдегі ең қауіпсіз автокөліктер анықталды
Әлемдегі ең қауіпсіз автокөліктер анықталды
7 жыл бұрын 3612 tengrinews.kz

Автокөліктер туралы жазатын журналистер көліктердің сенімділігін бағалайтын ең беделді рейтингтерге зерттеу жүргізді. Осы мәліметтердің негізінде олар ең қауіпсіз көліктерді анықтады, - деп хабарлайды "Экономика сегодня". Алғашқы төрт орынды Chevrolet Aveo, Hyundai ix20, Honda Jazz және Mazda 2 алды. Сарапшылар шағын көліктердің ішінде Audi A1 және Mini Hatch автомобильдерін үздік деп таныды. Ал кроссоверлер қатарында Mitsubishi ASX, Renault Duster және Opel Mokka болса, С кластағы жеңіл көліктердің ішінде Mazda 3, Toyota Corolla, Mitsubishi Lancer мен Toyota Prius бар.  Салмағы жеңіл жол талғамайтын көліктерден Honda CR-V көш бастады, одан кейін Volkswagen Tiguan мен Subaru Forester тұр. Премиум-сегментте мамандар Lexus RX, BMW X5, Audi Q7 және Mercedes-Benz ML көліктерін үздік деп тапты.

0 пікір
Мұрағат