Мұсылман емес билігі мұсылман азаматына қалай қорған болды
Мұсылман емес билігі мұсылман азаматына қалай қорған болды
6 жыл бұрын 2898 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Канады премьер-министрі Джастин Трюдо құқық қорғау саласындағы мына бір шешіміне бола осы елдегі популистердің қатаң сынына ұшырап, қарша бораған қарғыстың астында қалды. Тарқатып айтсақ, өткен жылы аталған елдің үкіметі бұрынғы канадалық азамат, АҚШ-тағы әлемге әйгілі  Гуантанамо абақтысында азап тартқан Омар Хадр есімді мұсылманға араша түсе алмағаны үшін, яғни, мемлекет деңгейінде қорғай алмағаны үшін өтемақы төлеу турасында шешім қабылдаған еді. Осы шешімге сәйкес бұрынғы гуантаномалық тұтқынға 10,5 млн доллар мөлшерінде өтемақы төленді. Омар Хадр Ауғанстанда батыстық сарбазды өлтіргені үшін аталған түрмеге түскен болатын. Ал үйеңкілер елінің премьері өзіне қарата айтылған айыптауларға мойымай, ел азаматтарын өтемақы үшін кеткен шығынға емес, болған оқиғаның себебіне үңілуді әрі өз азаматтарын қорғауы тиіс мемлекет міндетін еске алуға шақырды. Мына бір қызыққа, қызықтан бұрын шыжыққа назар аударыңыз: Ресейде Гуантанамо түрмесінен бостандыққа шыққан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғап, талай жылға абақтыға жапты әрі азаптады. Айырмашылығы жер мен көктей. 

Ескерту: суретте Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мен бұрынғы гуантаналық тұтқын Омар Хадр

0 пікір
Мұрағат