Коммунистер шіркеуді жарып жіберді (видео)
Коммунистер шіркеуді жарып жіберді (видео)
6 жыл бұрын 8331 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың коммунистік билігі Шаньси провинциясына қарасты Линьфэнь қаласында орын тепкен католиктердің шіркеуін жаруға пәрмен берді. Қаңтар айының 7-і күні экскаватор мен шойын балғаның көмегімен христиандардың аталған ғибадат ғимараты жермен-жексен етілді. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, бұл шіркеу пайдалануға жарамсыз болатындай тозған емес. Яғни, 2008 жылы ғана тұрғызылған болатын. Оның пасторы Ян Ронгли жеті жылын қытай түрмесінде өткізген еді. Оған жол қозғалысына кедергі келтіру үшін адамдарды бір жерге жинады деген "күлкілі" айып тағылған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында аталған провинцияға көрші провинцияда 1999 жылы бой көтерген тағы бір шіркеу тас-талқан болған еді. Қытай билігінің пәрменімен. Тілшілер мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдары шіркеуге қарсы науқан 2013 жылы басталғанын жеткізді. Яғни, аталған жылдан бері ұрда-жық науқан күшейіп кеткен. Әсіресе, Чжэцзян провинциясында. Ондағы шіркеулердің айшығын жаппай шешіп алған болатын. Екі жылдың ішінде 1200-нан аса шіркеу айшықсыз қалған болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат