Мұсылман елі кемеге қарсы зымыранын сынақтан сәтті өткізді
Мұсылман елі кемеге қарсы зымыранын сынақтан сәтті өткізді
6 жыл бұрын 2436 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның әскери теңіз күштері кемеге қарсы жаңа зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында The Economic Times ақпарат көзі хабар таратты. Ұзақ қашықтыққа ұшатын, Harbah деген атау берілген жаңа қару нысанағы дәл тиген әрі шартты қарсыласты істен шығарған. Бұл сынаққа Пәкістанның әскери теңіз күштері штабының басшысы, адмирал Кхан Нашан Бин Саддик қатысты. Айта кету керек, өткен жылдың қаңтар айының 24-і күні Пәкістан Ababeel жаңа баллистикалық зымыранын да сынақтан сәтті өткізген еді. Ababeel-дің максималды радиусы 2 мың 200 шақырымды қамтиды. Аталған зымыранның өздігінен бөлінетін басы бар - бірнеше оқтұмсықпен жабдықталған. 

 

0 пікір
Мұрағат