2018 жыл осы заманғы тарихта ең қауіпті жыл болғалы тұр
2018 жыл осы заманғы тарихта ең қауіпті жыл болғалы тұр
6 жыл бұрын 7213 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында «Ридус» ақпарат көзі хабар таратты. 2018 жыл - кез келген сәтте қамсыз адамзаттың басына қара бұлт үйіретін ғаламдық қауіп-қатерге толы жыл болғалы тұр. Бүгінгі таңдағы әлемдегі саяси, геосаяси, экономикалық және идеологиялық қайшылықтардың ушығу деңгейінің шырқау шегіне жеткені, алпайыт елдерде өндірілген қару-жарақтың тым көбеюі, әскер ресурстардың шоғырлануы Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы жағдайға тақап әкеле жатыр. Өткен жылдың соңында сарапшылардың пікірі ескеріле отырып, Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес (Council on Foreign Relations) әлемге қауіп төндірген жағдаяттарды тізген екен. Дәлірегі, тізімін жасаған. Аталған тізім бойынша ең басты қауіп: АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы әскери жанжал, екінші орында Иран мен АҚШ-тың арасындағы қарулы текетірес тұр. Ал үшінші қауіпке кибершабуылды жатқызған екен. Төртінші орында Ресей мен Солтүстік әскери альянстың арасындағы әскери шиеленіс тұр. Бесінші орында Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы теңіз аймағы үшін болуы ықтимал қарулы қақтығыс аталған.

0 пікір
Мұрағат