Мехмет Гөрмез: ИСИМ-нің толық атын қолданбайықшы...
Мехмет Гөрмез: ИСИМ-нің толық атын қолданбайықшы...
2 жыл бұрын 1542

Түркия дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез «Ирақ-Сирия Ислам мемлекеті» ұйымының атын атағанда толық айтпауды, қысқартылған түрімен атауды өтінді. «Әсіресе осы секілді ұйымдардың атын атағанда сіздерден қысқартылған атауын қолдануды сұраймын. Толық атын қолданбасаңыздар дұрыс болар еді. Себебі, толық атауында «Ислам» секілді өте мүбәрәк сөздер бар», – деді Мехмет Гөрмез Исламға бес қайнаса сорпасы қосылмайтын бұл содырлардың әрекетін айыптап. Оның айтуынша, ИСИМ-нің түсінігі де, жасап жатқан амалдары да, ұстанған ұстанымдары да, бүлігі мен қантөгістері, бәрі-бәрі Ислам дініне жат.

Ол Түркия дін істері басқармасының Газада зардап шеккен мұсылмандар үшін 15-20 күннің ішінде 53 миллион лира қаржы жинап бергенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта Газадағы мұсылман бауырларды зиярат етіп барып қайту да жоспарда барын айтты.

0 пікір