Мешіттің қабырғасындағы "фашизм"
Мешіттің қабырғасындағы "фашизм"
2 жыл бұрын 961

Австрияда белгісіз біреулер Түрік Ислам бірлестігіне қарасты Аюб Сұлтан мешітінің қабырғаларына фашистіктің белгісін салып, шимайлап кетіпті. Аюб Сұлтан мешіті орталығының төрағасы Юсуф Чытак бұл жазуларды таң намазына келе жатқанда байқаған. Камерадан қарағандарында бұлардың барлығын таңғы сағат 04:26 кезінде басын бүркеген бір жас жігіт жасаған. Ол асхананың қабырғасы мен баспалдақтарға үш фашистиктің белгісін шимайлап, қабырғаларға жазу жазып кеткен. Австрияда мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Рамазан айы кезінде де Вена қаласында Аюб Сұлтан Имам Хатиб лицейінің құрылыс алаңына да Ислам дініне өш қара ниеттілер 5 доңыздың басын лақтырып кеткен болатын.

Осыған ұқсас оқиға Ұлыбританияның Олдхэм қаласында да болды. Мұнда вандалдар мұсылмандар мазарын қиратып кеткен. Дәлірегі, мұсылмандар жерленген Чэддертон бейітінде он шақты мазарға вандалдар ойларына келгенін істеген. Полиция қызметкерлері бұл қылмысты қасақана жасалғанын әрі нәсілдік кемсітушілік негізінде жасалғанын алға тартып отыр. Өйткені, аталмыш мазарда тек мұсылмандар бейітіне ғана шабуыл жасалған. Ал француздардың Коньяк қаласында вандалдар биыл осымен екінші рет мешітке шабуыл жасады. Мұсылмандар құлшылық үйінің қабырғасына доңыз етін іліп кеткенімен ғана қоймай, фашистердің белгісін салып кеткен. 

0 пікір