Мазарда сенбілік өткізді
Мазарда сенбілік өткізді
2 жыл бұрын 653

Ресей Федерациясының Пермь мүфтияты өткен аптада сауапты іске ұйытқы болды. Дәлірегі, жергілікті мазарда сенбілік өткізді. Осыдан екі ғасырдан астам уақыт бұрын алғаш адам сүйегі жерленген байырғы бейітте мұсылмандармен қатар о дүниелік болған наным-сенімі өзге адамдардың да сүйектері жерленген. Сондай-ақ, әскерилер жерленген аумақ та бар. Десе де, бұл мазарда мұсылмандар жерленген аумақ айтарлықтай үлкен. Негізінен татар мұсылмандары жерленген. Қолдарына тырма, күрек ұстаған мүфтият қызметкерлері мен медресе шәкірттері бейітті шөп-шаламнан тазартап, бей-берекет өсіп кеткен бұталарды ретке келтірді. Мұнда жерленгендердің көбісінің бұ күнде басына келетін туыстары да қалмаған. Туыстары барлардың өзі айына-жылына бір ат ізін салатындықтан күтімсіздіктен сиқы қашқан. Игі бастамаға ұйытқы болған мүфтияттың бұл әрекеті жергілікті тұрғындарға да ой салып, үлгі болды.

0 пікір