Газадағы соғыстан жарақаттанған арыстан Иорданияға жеткізілетін болды
Газадағы соғыстан жарақаттанған арыстан Иорданияға жеткізілетін болды
10 жыл бұрын 3157

Осы сейсенбіде Газа секторындағы Израиль басқыншылығы кезінде жарақат алған үш арыстан Израил жері арқылы Иорданияға жеткізілетін болды. Өйткені, Газа секторындағы хайуанаттар бағы екі айға жуық созылған соғыс кезінде айтарлықтай қирап бүлінген болатын. Жануарларды қорғаумен айналысатын Four Paws халықаралық тобында жұмыс істейтін австриялық ветеринарлар әл-Бисан хайуанаттар бағындағы арыстандардың жолақы шығынын өздері көтеріп алатын болды. Олар Израиль билігімен келісіп, осы елдің аумағымен алып өтуге де рұқсат алып берді. Four Paws құрамында жұмыс істейтін Әмір Халелдің айтуынша, жарақат алған арыстандардың екеуі еркек те, біреуі ұрғашы көрінеді. Израилдіктер әуеден соққы бергенде осы хайуанаттар бағындағы бір ұрғашы арыстан оқ тиіп өліп қалған.

0 пікір
Мұрағат