Малайзия «Ұлы қытай қорғанын» тұрғызады
Малайзия «Ұлы қытай қорғанын» тұрғызады
9 жыл бұрын 3926

Малайзия билігі Тайландпен арадағы шекарада Мьянма мен Бангладештен келетін босқындарға тосқауыл қою үшін «Ұлы қытай қорғанын» тұрғызуға бел байлап отыр. Бұл жайында осы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Жапар Уан Жүнейд мәлімдеді. Оның айтуынша, сонымен қатар, шекараны нығайтып, бақылау жұмыстарын күшейтпек. Сондай-ақ, ол көзден таса соқпақтар арқылы шекараны заңсыз қиып, ағылып келіп жатқан босқындарға тосқауыл қоюдың ең тиімді тәсілі ретінде дуал тұрғызуды тағы бір мәрте тілге тиек етті. Өйткені, 700 шақырымға созылып жатқан шекараны тұтас қадағалау мүмкін емес көрінеді.

0 пікір
Мұрағат