Қажылық жолдамасы христиан өкіліне бұйырды
Қажылық жолдамасы христиан өкіліне бұйырды
9 жыл бұрын 2863

«E-islam» порталының «CNN» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда Мысырда қажылыққа жолдамаға христиан дінін ұстанушы жас жігіт ие болды. Бұл ислам әлемі тарихында тұңғыш рет орын алған уақиға болғандықтан, қоғам тарапынан түрлі пікірлер айтылуда.

Қажылық жолдамасы күтпеген жерден өндірістік қауіпсіздік жөніндегі техник қызметшісі Махрус Маркасқа бұйырды. Ол қызмет ететін Swiss Steel компаниясында арнайы лотерея ойнатылып, Меккеге ұмра қажылығы жолдамасына Маркас қол жеткізеді.

Ал компания өкілдері бұл нәтиже жеребенің әділ өткенін көрсететінін хабарлады. Ал жеңімпазға қатысты арнайы телебағдарлама барысында компания басшылығы жеребені өзге дін өкілі ұтқан жағдайда ұтыс иесіне қажылықтың қаражаты берілетінін мәлім етті. Әлеуметтік желілерде кей адамдар компанияның игі бастамасына қолдау білдіріп жатса, енді бірі қажылық жеребесіне тек мұсылмандар қатысса деген пікір айтып жатты.

0 пікір
Мұрағат