Мәдинада қажылар үшін қонақ үйлер салынады
Мәдинада қажылар үшін қонақ үйлер салынады
10 жыл бұрын 3151

Мәдина шаһарының губернаторы ханзада Фейсал бин Салман 55 млрд саудиялық риалға бағаланған жылжымайтын мүлікке қатысты аса ірі жобаны жүзеге асыруға пәрмен беретін болды. 4-5 жұлдызды, 100 мұнаралы қонақ үйлер 120 000-нан аса адамға шақталған. Аталмыш жобаны мемлекеттік инвестиция қоры қаржыландырады. Сауд Арабиясының Қаржы министрі Ибрагим әл-Ассаф, Қажылық істері жөніндегі министр Бандар Хажар және өзге де жоғары лазауымды тұлғалар  жобаның тұсаукесеріне қатысты.  Қаржы министрінің сөзіне қарағанда, «Дар әл-Хижра» деп аталатын жоба бойынша салынатын қонақ үйлердің аумағы мен ауданы 1,6 млн шаршы метрді құрайтын болады. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылады. Әр ғимарат 30 қабаттан тұрады.

0 пікір
Мұрағат