Тіс дәрігерлері жасөспірімнің 232 тісін жұлды
Тіс дәрігерлері жасөспірімнің 232 тісін жұлды
2 жыл бұрын 1115

Үндістанның Мумбай қаласында тіс дәрігерлері өзгеше ота жасады. Стамотологтар 17 жастағы Ашик Гавайюдің сирек кездесетін сырқаттан ауыз қуысында өсіп шыққан 232 тісін жұлуға тура келген. Дантистердің сөзіне қарағанда, жас жігіт оң жағының ауыратынын айтып келген көрінеді. Жасөспірімді мұқият тексерген тіс дәрігерлері оның «одонтом» деп аталатын сирек кездесетін сырқат түрімен ауыратынын және ауруы асқынып кеткенін анықтайды. Жасөспірімнің ауыз қуысында екі жүзден аса артық тіс өсіп шыққан. Ұсақ маржан тастарына ұқсайтын. Оны емдеу үшін дәрігерлер жеті сағаттан аса уақыт әуреленген. Дәрігерлер оның біршама уақыттан кейін оңалатынын айтып, сендіріп отыр.

0 пікір