Коррида алаңы мешітке айналмақ
Коррида алаңы мешітке айналмақ
10 жыл бұрын 3108 www.taraf.com.tr/

Барселонада корридаға тыйым салынған кейін сол ойынға арналған үлкен алаң қаңырап бос қалған болатын. Көп ұзамай сол үлкен алаң зәулім мешітке айналғалы тұр. Испанияның көп тиражды «29 минут» атты газетінің хабарлауына қарағанда, «Аренас де Барселона» деп аталатын алаң жабылғаннан кейін, бұл ғимаратты ары қарай қандай мақсатта қолдансақ екен деп Барселона басшылығы бас қатырған көрінеді. Сыртқы жағынан қарасаң арабша стильде салынып, мешітке көбірек ұқсайтын болғандықтан, Катар Әмірі бұл ғимаратты мешітке айналдыруды ұсыныпты. Сондай-ақ оның құрылысына 3 млрд. доллар бөлентінін жеткізді.

Бұл ұсынысты Барселона қалалық кеңесі қабылдады. Егер де аталған ғимараттың жобасы нақты мақұлданса, онда бұл болашақ мешіттің мұнарасы Мекке мен Мәдина мешіттерінің мұнараларынан кейінгі орынды иеленетін болады. «Аренас де Барселона» қаланың символына айналып үлгергені қашан. Болашақта ол «Мәсжид де Барслеона» деген атауды иеленетін болады. 

0 пікір
Мұрағат