Рамазан айында 5 000 000 адамға таза су беріледі
Рамазан айында 5 000 000 адамға таза су беріледі
2 жыл бұрын 975

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұм мен Дубай әміршісі әлемдік ауқымдағы қайырымдылық жобасын жүзеге асыратынын мәлім етті. Қасиетті рамазан айында 5 000 000 адамды таза сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ол үшін бұрғылар мен сорғыларды орнату жұмыстарына қаржы бөлінеді.

Тақырыпқа орай айта кетеріміз, әлемде 880 000 000-нен аса адам ауыз суға жарымай отыр. Осындай себеппен жыл сайын 3 500 000 адам көз жұмады екен. Олардың дені бес жасқа толмаған балалар.

0 пікір