Кореяға атом бомбасын жасауға Иран көмектескен бе?
Кореяға атом бомбасын жасауға Иран көмектескен бе?
7 жыл бұрын 2885 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британ билігі Кореяға атом бомбасын жасауға көмектесті деп Ираннан күдіктеніп отыр. "Солтүстік Кореяның атом қаруын жасауда кенеттен алға шығуына Иран қолдау білдірген, деп қауіптеніп отыр британ шенеуніктері" деп жазыпты Бен Рили-Смит Британияда жарық көретін The Telegraph мерзімді басылымында. Аталған мақалада айтылғандай, британдық лауазымды тұлғалар "солтүстік кореялықтар технологиялық прогресті өз беттерінше игеруі көңілге қонбайды", деп отыр. "Иран - кей тұстарда жәрдем берген елдердің басында тұр. Ресей де күмәнді елдердің қатарында",- деп жазылған. Яғни, кәрістердің атом державасына айналуына батыс сарапшылары мен саясаткерлері өзге елдердің көмегі тигеніне сенімді. 

 

0 пікір
Мұрағат