Тіпті, дамушы Кенияның өзінде полиэтилендік пакетке тыйым салынды
Тіпті, дамушы Кенияның өзінде полиэтилендік пакетке тыйым салынды
7 жыл бұрын 2786 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда Кения билігі ел тұрғындарына қоршаған ортаға өте зиян, яғни, жүздеген жылдар бойы шірімейтін полиэтилен пакетін өндіруге және пайдалануға тыйым салды. Аталған пакетті сатып алған да, сатқан да және оны пайдаланған да 19 мыңнан 38 мың долларға дейін айыппұл салынады. Айыппұл төлей алмағандар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталмыш елге саяхаттап келген туристер де өздерімен бірге ала келген полиэтилен пакеттерін әуежайда табыс етуі тиіс. Яғни, ел аумағына алып кіруге тыйым салынады. Бұған қоса, полиэтилен пакеті су құбырларын бітеп тастайды. Greenpeace ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, жылына мұхитқа шамамен 8 млн тонна пластикалық заттар мен бұйымдар тасталады екен. Кения билігінің бұл шешіміне наразылық білдіргендер де бар. Полиэтилен пакетін өндірушілер 80 мыңға тарта адамның жұмыссыз қалатынын алға тартып отыр. Орта есеппен кениялықтар айына 24 млн полиэтилен пакетін пайдаланады. 

0 пікір
Мұрағат