Жылан шаққаннан өлетіндер санын азайтудың әлемдік стратегиясы әзірленді
Жылан шаққаннан өлетіндер санын азайтудың әлемдік стратегиясы әзірленді
5 жыл бұрын 3850 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға дейін әлем бойынша жылан шаққандар қарасын екі есеге дейін азайтуды көздейтін стратегия әзірледі. Яғни, жылына улы жыланнан ажал табатын он мыңдаған адамды құтқаруды алдына мақсат пен міндет етіп қойды. Аталмыш ұйымның Женева қаласында орын тепкен штабы мамыр айының 20-28 күндері аралығында өтетін Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-ші сессиясында бастау алатын бұл бағдарламаның негізгі тезистерін жария етті. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дереккке қарағанда, әлем бойынша 5,8 млрд-тан аса адамға жылан шағу қаупі төнеді екен. Күніне орташа есеппен алғанда 7400 адам жыланның шағуынан зардап шегеді. Оның ішінде шамамен 220-380 адам жылан уынан бақилық болып жатады. Ал жылына 1,8 млн-нан 2,7 млн адамға дейін жыланның шағуынан зардап шегіп, олардың 81 мыңнан 138 мыңға дейінгісі жылан уынан өледі. Әсіресе, Азия аймағында жыланнан зардап шегетіндер қарасы көп: жылына 2 млн-ға дейін адам жылан уынан зардап шегіп жатады. Екінші орында Африка құрлығы тұр: жыл сайын 435 мыңнан 580 мың адамға дейін жылан шағуынан зардап шегеді. Жылан уынан өлмеген күннің өзінде адам мүгедек болып қалады: сал болады, қан айналымы бұзылады, т.б. 

ДДҰ сарапшылары тропикалық және субтропикалық белдеуде орналасқан елдерде жыланның шағуы назардан тыс қалып келетінін айтып, дабыл қағып отыр.

Аталмыш бағдарлама бойынша төрт негізгі жұмыс бағыт: жергілікті тұрғындарды жыланның шағуынан сақтандыратын, алдын алатын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілмек; екіншісі - тиімді емдеу шараларын қолға алу; үшіншісі - бұл бағытта денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру; төртіншісі - жылан шағуына қарсы ғаламдық әріптестік пен ынтымақтастықта арттыру.

Аталмыш стратегия 2019-2020 жылдар аралығында жылан шағу қаупі жоғары 10-12 елде сынақтан өткізіледі. Бұл мақсатта ДДҰ шамамен 9 млн доллар бөліп отыр. Екінші кезеңінде 2021-2024 жылдар аралығында 35-40 мемлекет қамтылады. Осы мақсатты 45,5 млн доллар жұмсалады. Ал үшінші кезеңінде (2025 - 2030 годы) аталмыш стратегия әлемнің барлық елінде қолданылады. 

0 пікір
Мұрағат