ЖАРТЫ МИЛЛИОН БАЛА АШТЫҚ АЗАБЫН ТАРТУДА
ЖАРТЫ МИЛЛИОН БАЛА АШТЫҚ АЗАБЫН ТАРТУДА
8 жыл бұрын 8768 E-ISLAM

Чад өзені жағалауында орналасқан ауданда азық-түлік таршылығы мен «Боко Харам» террористік ұйымының қыспағы салдарынан жарты миллионға жуық бала аштық азабын тартуда.

Біріккен ұлттар ұйымының Балалар құқын қорғау ұйымы осындай мәлімет жария етті.

ЮНИСЕФ мәліметінше, аталған аймаққа гуманитарлық көмекке қажетті 300 миллион доллардың қазіргі уақытта 13 %-ы ғана жиналған.

«Біз ол жерде әбден жүдегені сонша тіптен қозғала алмайтын сәбилерді көрдік. Аштықтан дертке ұрынғандары да көп. Бізге осы балаларға азық жеткізу үшін брондалған көліктер, әскери көмек, сондай-ақ гуманитарлық ұйым қызметкерлеріне жоғары дәрежедегі қорғаныс керек екенін айтқымыз келеді» дейді БҰҰ Жоғары комиссариатының Босқындар ісі бойынша басқармасының өкілі Эдриан Эдвардс.

0 пікір
Мұрағат