Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов аурухана төсегіне таңылды
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов аурухана төсегіне таңылды
8 жыл бұрын 3659 tengrinews.kz, Reuters, sputniknews-uz.com

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылады. "Мамандардың айтуынша, толық медициналық тексеріс пен ем алу үшін біраз уақыт керек", - делінген министрлер кабинетінің хабарламасында. Алайда, ресми дереккөздер Өзбекстан президентіне неліктен медициналық көмектің қажет болғаны жайлы нақтыламады. Десе де ұзанқұлаққа қарағанда, ол инсульт алуы мүмкін. Жасы 78-ге келген президенттің тура тәуелсіздік күні қарсаңында ауруханаға түскені ақпараттың растығына көз жеткізе түседі. "Русская служба Би-би-си" басылымының мәліметінше, Өзбекстанда әдетте Ислам Кәрімовтің денсаулығы жайлы ешқандай мәлімет таратылмайтын. Осы уақытқа дейін Өзбекстан президентінің денсаулығы жайлы тек шетелдік ақпарат құралдары мәлімдеген еді.

0 пікір
Мұрағат