Жануарлар әлемі: Сусиыр үйрек балапанына қалай көмектесті? (видео)
Жануарлар әлемі: Сусиыр үйрек балапанына қалай көмектесті? (видео)
9 жыл бұрын 4945

Хайуанаттар бағында үйрек хауыздан шыға алмай пұшайман күй кешеді. Оған көмекке сусиыр келеді.

  

Саяхатшы мысық

«Муси» есімді мысық қоныс аудару кезінде матрасқа тығылып алып, 6000 шақырымды артқа тастады.

Басынан бастасақ. Бұл оқиға былай болған. АҚШ-тағы Челф отбасы мысығынан үстіміздегі жылдың сәуір айында Техас штатына қарасты Эль-Пасо қаласында көз жазып қалған болатын. Аляскадағы Фэрбанкс шаһарына қоныс аудару кезінде. Сөйтсе мысық матрасқа тығылып қалған екен. Мысықтың қожайыны, әскери адам – Джесси Челф оны көшу кезінде үш күн іздегенін, ақыры таппай, күдерін үзгенін жеткізді. Мысық дереу ветеринарлық емханаға жатқызылды. Қызық болғанда бүкіл Америка аумағын артқа тастаған мысықты АҚШ-тың да, Канаданың да кеденшілері байқамаған. Жүкті жеткізіп берген көлік компаниясының қызметкерлері де байқамаған болып шықты. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.

 

Меккелік мысық мешітте ауызашарды күтті

«Мекке мешіттерінің бірінде ақшам намазы уақытында мұсылмандармен бірге ауызашар уақытын күткен мысық барша жұртты таң қалдырды», - деп жазады E-islam порталы.

Мешітте жайылған дастархан басында ауызашардың кірер сәтін күтіп отырған мысық жайлы әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікірлер қалдырған.

Ахмет әл-Жаухари есімді азамат: «Мысықтың өзі ораза ұстаған адамдарды сыйлап, солармен бірге ауыз ашуды күтіп отыр. Мысықтың бойында ерекше қасиеті болса керек» дейді.

«Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысық мұсылмандармен бірге бір дастарханда отыр. Бір қызығы, алдында тұрған тағамды түртпей, ауыз ашар уақытын күтіп отырғаны таң қалдырады. Мұндай қасиеті Алланың өзі беріп отыр», - деп жазады Азайи Бұхари. 

1 пікір
Мұрағат