Жануарлар әлемі: Аса сирек кездесетін әрі ел біле бермейтін жоғалып бара жатқан жануарлар (фото)
Жануарлар әлемі: Аса сирек кездесетін әрі ел біле бермейтін жоғалып бара жатқан жануарлар (фото)
2 жыл бұрын 6372

Мәселен, қытай зоологы 22 жыл бойы адамдардың көзіне шалынбай кеткен осындай жануарлардың бірін Тянь-Шань тауының сілемдерінен байқап қалған. 

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире

Іле Алатауын мекендейтін шақылдауық тышқан аз зерттелгендіктен және көзге көп түсе бермейтіндіктен оны адамдар «сиқырлы жануар» атап кеткен. Оны алғаш рет 1983 жылы табиғатты қорғау қызметінің қызметкері Ли Вэйдун байқаған болатын. Ili Pika саны сол кезден бері 70 пайызға кеміп кеткен. 

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире

Сирек кездесетіндіктен адамдар көп біле бермейтін жануарлардың бірі құмырсқа қоректі жануар немесе құмырсқажегіш. 

Мынау «күліп» тұрған тұрқы мысыққа ұқсайтын жануар – квокка, келте құйрықты кенгуру. Жыртқыштарға оңай жем болатындықтан Қызыл кітапқа енгізілген. Жануардың бұл түрі санаулы аймақтарда ғана сақталған, атап айтқанда, Балд, Роттнест, Пингвин аралдарында және Астралия батысындағы Албани ауданында кездеседі. Австралияда онымен фото-суретке түсу – сәнге айналған тренд. Ол адамдардан үрікпейді. Оны сипауға, ұстап көруге және аулауға болмайды. Қызыл кітапқа енгізілгендіктен. Бірақ, онымен суретке қанша түсемін десеңіз, өз еркіңіз. 

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире

Ұзын құлақты тышқан немесе қосаяқ Моңғолия мен Қытайдың шөлді аймақтарында тіршілік етеді. Кеміргіштің бұл түрі «қатерлі жағдайда тұр» деген мәртебеге ие болған және соған орай Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.Тіпті, зоологтардың өзі ол туралы аз білетінін айта кеткіміз келеді. 

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире

Бұл бөкен тұқымдасына жататын жануар. Ең кішкентай түрі. Оның биіктігі – 25-30 сантиметрден аспайды. Ол түнде жортқанды жақсы ккөреді, алайда, өте үркек. Қандай да бір қатер төнсе, екі жарым метрге дейін секіре алады. Тек Африкасының батысындағы ормандарда ғана тіршілік етеді. Әлемнің өзге өңірінен кездеспейді. 

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире

Бұл – вомбат. Австралияда тіршілік етеді. Олар ккөп уақытын жер астында өткізеді. Сол себепті, адамдардың көзіне көп түсе бермейді. Інінен шыға бермейді. Отырғанды жақсы көреді. Қауіп төнгенде ту сыртын бері, іннің аузын жауып тастайды. Шабуылға тойтарыс бере алады. Інінен түнде шығады қорек іздеп.  

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире
Мак сүтқоректілер ішіндегі ең көзі үлкені. Индонезия орман-тоғайында, Сулавесиде және соған жақын аралдарда тіршілік етеді. Олар мекен ететін аймақ 20 жылдың ішінде 30 пайызға тарылған. Адамдардың кесірінен.

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире
Африкалық бөкен – геренук. Мойнының ұзындығымен ерекшеленеді. Әлемдегі ең сирек кездесетін он жануардың бірі.

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире
Орман керігі – окаптың тілі ұзын болып келеді, тіпті, тілінің сала құлаш ұзындығы сондай, көзін сүрте алады. Бұл жануар тек Конго демократиялық республикасының аумағында ғана тіршілік етеді. Үркек жануар.

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире
Зондтық ұшатын лемур деп аталатын бұл жануар іс жүзінде ұша алмайды. Бірақ, ағаштан ағашқа жақсы секіреді. Олар Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейді.    

Самые редкие и неизвестные зоолюбителям мимимишные звери в мире

Сифаки — орташа келген, мұрны қара жылтыр, жібек жүнді маймылдың бір түрі. Олар Мадагаскарда өмір сүреді. 

2 пікір