Түрік ғалымдары Марста тұрғызылуы мүмкін қаланың жобасын сызды
Түрік ғалымдары Марста тұрғызылуы мүмкін қаланың жобасын сызды
2 жыл бұрын 1119

Түркияда ғалымдар Қызыл планета үшін қала жобасын сызды. Егер аталмыш жоба жүзеге асырылатын болса, 100 адам онда 18 ай өмір сүре алатын болады. Бұл жобаның ерекшелігі сонда, Марста тұрғызылуы мүмкін қала құрылысына сол планетаның ресурсы пайдаланылады. Бұл жобаның авторы Гүләй Етікші – Ыстамбұлдағы Yeni Yuzyil университетінің сәулет факультетінің профессоры. Ол студенттерге болашақтағы сәулет жайында дәріс оқиды. Ол осы сала бойынша ізденіп жүрген жалғыз адам. Бұл жайында antalyatoday.ru ақпарат көзі хабар таратты. «Марсқа жол» жобасы 2013 жылы басталған болатын. Гүләй Етікші баастаған зерттеушілер тобы өз жұмысын тек екі жылдан кейін қолға алған. Марста қала тұрғызу құны 30 млрд долларға бағаланып отыр. Ғалымдар Қызыл планетадағы қала құрылысына 3D принтер құрылғысын пайдалануды ұсынып отыр. «Біз қаланы көп қабатты ғимараттар мен «жерасты» залдарын бір-бірімен жалғап жатқан шынылы күмбезден салуды жобалап отырмыз. «Жерасты» баспанасы сырттан қауіп төнгенде, мәселен, метеорит жауғанда жасырынуға керек. Жалпы ауданы 10 000 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешені сауда орталығынан, теплицидан, фермадан, білім беру орталығынан тұратын болады»,- деді қадірменді ғалым. Ол ғылымның түрлі саласында тер төгіп жүрген әріптестерін осы жобаға атсалысуға шақырды. Айта кетейік, Жер мен Марстың арасы 54 млн шақырымнан асады. Марстағы тартылыс күші Жердегінің үштен бірін құрайды. Ал орташа температурасы – 64°С-тан төмен.

0 пікір