Жалған хабарлардың жолын кесетін заң қабылданды
Жалған хабарлардың жолын кесетін заң қабылданды
6 жыл бұрын 2851 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр парламенті ел билігіне таратқан ақпараты шындыққа сәйкес келмесе әлеуметтік желідегі аккаунтты бұғаттауға, сондай-ақ, жалған хабар таратқан тілшілер мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдерін жауапкершілікке тартып, жазалауға мүмкіндік беретін заң жобасы қабылданды. Қабылданған заң талаптарына сәйкес ендігі жерде әлеуметтік желіде 5 мыңнан аса жазылушысы бар аккаунттардың барлығы бұқаралық ақпарат құралына жатқызылады. Аталмыш заң талаптарының бұзылмауын Пирамидалар елінің бұқаралық ақпарат құралдарын реттеу жөніндегі жоғарғы кеңесі қадағалайтын болады. Бұл құзырлы орган жетекшісін ел президенті Әбдіфаттаһ ас-Сисидің өзі тікелей тағайындайтын болады. Жақын арада. Сөз бостандығына қол сұғу ма әлде мемлекет қауіпсіздігін ойлаудан туған қадам ба немесе авторитарлы биліктің өз қамын жасаудан туған қадамға ба? Бұл турасында сарапшылар жұмған аузын ашқан жоқ. 

0 пікір
Мұрағат