Жаһан: Құрғақшылықтан Орталық Америкада 3 миллион адам азықсыз қалуы мүмкін (видео)
Жаһан: Құрғақшылықтан Орталық Америкада 3 миллион адам азықсыз қалуы мүмкін (видео)
8 жыл бұрын 2620 khabar.kz

Қуаңшылық салдарынан Орталық Америка аймағындағы елдерде 3 миллион адам азықсыз қалуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерек бойынша, Эль-Ниньо табиғи құбылысы себеп болған құрғақшылықтан Гватемала, Сальвадор және Гондурас зардап шегуде.  Аталған елдерде 3,5 миллион тұрғынның күн көрісі күннен күнге нашарлай түсуде. Олардың 2,8 миллионына гуманитарлық көмек ауадай қажет. Сарапшылар азық-түлік тапшылығы тамыз айына дейін жалғасады деген болжам айтып отыр.

Әлемде 1 миллиард адамның электр қуатын пайдалануға мүмкіндігі жоқ (видео)

Үлкен жиырмалық елдерінің энергетика министрлері Қытай астанасы Бейжіңде жиналды. Мұнда талқыға түсетін басты тақырып – баламалы қуат көздері. Екі күндік жиынның ашылу салтанатында Қытай Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері Чжан Гаоли сөз алды.  Оның айтуынша, әлемде 1 миллиард адамның электр қуатын пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Бейжіңге жиналған делегаттар: «Алдағы 15 жылда бұл мәселенің шешімін табу керек», – деп отыр.  Айта кетейік, бұл жиын қыркүйек айында өтетін үлкен жиырмалық елдерінің саммиті қарсаңында ұйымдастырылды.

 

0 пікір
Мұрағат