Жаһан жаңалықтары: Австралиялық мұсылманның ғаламтор-теледидары
Жаһан жаңалықтары: Австралиялық мұсылманның ғаламтор-теледидары
9 жыл бұрын 3176

Австралияның Перта қаласында Әбдірахым Елми есімді бұрынғы маркетинг маманының жобасы болып табылатын RootsTV ғаламтор-теледидары танымал бола бастады. Ол өзі ашқан арнаның өзге бұқаралық ақпарат құралдарынан қандай айырмашылық барын айтты: қоғамды не қызықтырады, нендей мәселелер толғандырады, сондай хабарды таратумен айланысатынын жеткізді.

 

Сауд Арабиясы Швециядан елшісін шақырып алды

Сауд Арабиясы Швециядан адам құқығына қатысты келіспеушілікке байланысты елшісін кері шақырып алды. Швеция сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эрик Боманның (Eric Bomann) мәлімдеуінше, Швеция Сауд Арабиясының билігін адам құқығын аяқасты етіп отырғандығын сынға алғаны үшін әлгіндей жағдай орын алған. Сондай-ақ, ол бұл елдегі өз елшісін кері шақырып алуға ниетті емес екенін жеткізді.

 

Мемлекет болмаса, Таяу Шығыс терроризмнің аренасына айналады

Ресей Федерациясындағы Мысыр елшісі Мұхаммед әл-Бадри Ресейдің стратегиялық зерттеулер институтында өткен жиында сөйлеген сөзінде Таяу Шығыста мемлекеттік институттың қолдауы болмаса, ол аймақ терроризмнің аренасына айналатынын мәлімдеді. Дипломаттың пайымдауынша, мемлекет пен оның институттары ара әлеміндегі дағдарысты еңсеруге септігін тигізеді, алайда, қазіргі уақытта керісінше жағдай орын алып отыр. Сондай-ақ, ол Мысыр дағдарыс тығырығынан шығуына екі фактор себеп болған: мемлекеттің және әскердің болуы. Көп ұлтты болса, бір сәрі, бірыңғай ұлттық мемлекеттердің өзі дағдарысқа ұрынып отырған бүгінгі таңда мұндай қатердің алдын алу мемлекеттік институттардың көмегімен ғана жүзеге асатынын тағы бір мәрте еске салып өтті.

 

Дінаралық татулық шеруі өтті

Финляндия астанасында дінаралық татулық шеруі өтті. Өткен аптада Хелсинки қаласының христиандары мен мұсылмандары және иудейлер әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнықтыруға ықпал ету мақсатында осындай игі шараны ұйымдастырды. Финляндиядағы ислам қауымдастығының мешітінен басталған шеру лютеран шіркеуінің тұсынан өтіп, синагогқа жетіп бір-ақ тоқтады. Осы акцияға қатысқан үш дін өкілдері дінаралық татулықтың мемлекеттің беріктігі мен қауіпсіздігіне тигізер ықпалын және маңызын атап өтті.

 

Түркия Еуроодақты әскермен қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді

Түркия өзінің Еуродақ құрамына кірген жағдайда 60 мың әскермен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Бұл жайында Түркияның Еуроодақ істері жөніндегі министрі Болкан Бозқыр мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Еуроодақтың әлі күнге өз әскері жоқ. Үстіміздегі жылдың наурыз айының бас кезінде Еурокомиссияның жетекшісі Жан-Клод Юнкер Еуропаға ортақ әскер жасақтау қажеттілігін айтып қалған болатын. Бірыңғай қарулы әскер өз кезегінде Еуропа Одағына мүше елдерге ортақ сыртқы саясатты және қауіпсіздік саясатын бірігіп жүргізуге мүмкіндік берер еді.

0 пікір
Мұрағат