Орта Азияда ғұламалардың ортақ кеңесі құрылады
|
Орта Азияда ғұламалардың ортақ кеңесі құрылуы мүмкін. Бұл мәлімет экстремизм мен терроризмге идеологиялық тұрғыдан қарсы тұруға арналған ғұламалар кеңесінің аймақтық форумында сөз сөйлеген «Дін, құқық және саясат» тәуелсіз талдау орталығының директоры Қадыр Мәліковтің сөзінен белгілі болды. Оның айтуынша, Орта Азияның тарихында мұндай мәселе бірінші рет көтеріліп отыр. Егер аталмыш бастама жүзеге асырылатын болса, ұлттық және халықаралық деңгейде қауіп төндіріп тұрған тәкбіршілдік идеологиясына қарсы тұруға мүмкіндік беретін бірыңғай стратегия әзірленеді. Бұл одақ өз кезегінде қоғамдық негізде қалыптасатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады
■
Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды