Жаһан: Гондураста 8 сәби микроцефалия дертімен туды (видео)
Жаһан: Гондураста 8 сәби микроцефалия дертімен туды (видео)
8 жыл бұрын 2368 24.kz

Гондурас Республикасында 8 сәби зика безгегінің әсерінен туындайтын микроцефалия дертімен дүниеге келді. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осыған алаңдап отыр. Мамандардың айтуынша, бас көлемінде ауытқуы бар балалардың алтауы Чолутека өңірінен. Бес сәби кейінгі бір апта ішінде дүниеге келген. Сондықтан, билік осы аймақта санитарлық дабыл қағуды жоспарлап отыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгінде зика безгегі Гондурастағы 500 жүкті әйелдің қан құрамынан байқалған. Бұған дейін елде микроцефалия дертіне шалдығып туатын балалар саны жылына бір рет қана кездесіп келген. Сондықтан, билік көрсеткіштің күрт өскенінен қауіптенеді. Айта кетейік, маса арқылы таралатын зика безгегі, әсіресе, аяғы ауыр әйелдер үшін өте қауіпті. Бұл дерт құрсақтағы нәрестенің бас сүйегінің толық жетілуіне мүмкіндік бермейді. 

 

0 пікір
Мұрағат