Израилдің әскери қылмысы тексерілді
|
Адам құқығы жөніндегі халықаралық комиссия Израиль билігінің үстіміздегі жылдың жаз мезгілінде Газа секторына жасаған басқыншылық әрекетінде саналы түрде әскери қылмысқа барғанын әшкерелеп берді. Бұл жайында Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша халықаралық рақымшылық директоры Филип Лютер арнайы мәлімдеме жасады. Естеріңізде болса, Израиль үстіміздегі жылдың шілде айының 8-і күні Газа секторына әуеден соққы беріп, нәтижесінде 2100-ден аса адам опат болған еді. Бұған қоса, осы шабуылдан мыңдаған адам жарақат алған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, Газа секторында Израиль басқыншылығынан қаза тапқандардың шамамен 80 пайызын бейбіт тұрғындар құрайды. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды
■
Туабітті зағип жан нені «көре алатынын» айтты