Феминизм әйелдерді жанкештілікке итермелеуде
Феминизм әйелдерді жанкештілікке итермелеуде
9 жыл бұрын 3368

AllAfrica ақпарат көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, жуырда Нигерияда орын алған, мұсылмандарға қаны қас «Боко Харам» радикалды ұйымынының жанкешті әйелдерінің қолымен жүзеге асырылған терактіге осы елдің мұсылман жамағатының жетекшілері өз пікірлерін білдірді. Нақтырақ айтқанда, Ислам ғылымы үйінің негізін қалаған Рафи Бусайри әл-Иджебуви, имам әрі шейх Фуад Адейеми, имамдар Нурайн Т. Динди мен Шарафудин қажы Әбдісәлам Алиаган лаңкестік оқиғаны ұйымдастырғандарды айыптай келе кейінгі кезде әйелдер арасынан да жанкештілердің шыға бастағанына алаңдаушылық білдірді. Олардың ойынша, ақ жаулықтылардың мұндай сұмдық қадамға баруына батыста қалыптасқан феминизмнің (әйелдерді ерлермен тең көретін саяси ағым) ықпал етіп отырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, әйелдің жаны нәзік, сол себепті, былайғы жұрт оларды ондай сұмдыққа бармайды деп ойлайды. Арам ниеттілер өз мақсаттарына жету үшін әйелдерді осы себепті таңдайтынын да жайып салды. 

0 пікір
Мұрағат