Израилдікпен шахмат ойнағаны үшін ирандық жазаланды
Израилдікпен шахмат ойнағаны үшін ирандық жазаланды
7 жыл бұрын 3450 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның шахмат федерациясы Борн Дерахшани есімді 15 жастағы бозбала мен оның 18 жастағы әпкесі Дорсқа санкция салды. Бұған Гибралтарда өткен  шахматтан халықаралық турнирге қатысып, израилдікпен бақ сынасқаны себеп болған. Алғашқы турда тасталған жеребе бойынша Борн израилдік гроссмейстер Александр Хузманмен ойнауы тиіс болды. Алайда, ирандық бозбалаға израилдікпен шахмат ойнауға тыйым салынды. Борн бұл тыйымға құлақ аспады әрі израилдіктен ұтылып қалды. Еуропалық өмір сүруге дағдыланған, Барселона қаласында тұратын әпкесі Дорса шахмат ойнауға басына орамал тартпай шыққан екен. Оған сол себепті санкция салынған. Әпкелі-інілі ағайындыларға нақты қандай санкция салынды, яғни, шара қолданылды? Иранның шахмат федерациясының жетекшісі Мехрдада Пахлаванзаденің сөзін келтірген Chess News ақпарат көзінің хабарына қарағанда, ағайындылардың ендігі жерде Иранда шахмат ойнауына және Иран атынан халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салынған. Егер бұл тыйымдарға құлақ аспаса, қатаң жаза қолданылатыны ескертілді. 

0 пікір
Мұрағат