Ғылыми жұмыстарды қаржыландыруға байқау жарияланады
Ғылыми жұмыстарды қаржыландыруға байқау жарияланады
7 жыл бұрын 2483
Астанада Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің пленарлық отырысы өтті. Шараға қатысушылар министрліктің 2016 жылдағы қызметінің басты қорытындыларымен танысып, 2017 жылғы міндеттерді қарады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Шара барысында білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин сөз сөйледі. Оның атап өтуінше, грант алуға барлық ғалымдар өтінім бере алады.

«Мемлекеттік қолдауға ие болған барлық жобалар сәйкестендірілетін нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланады», – деді А. Әмрин.

Вице-министрдің айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері үш тұрғыдан жүзеге асырылады: ғылыми – жарияланымдар, патенттер; академиялық – жаңа білім бағдарламалары, модульдер мен кадрлар даярлауда – зерттеулердің бағыты бойынша PhD, өндірістегі мамандар.

«Сонымен қатар, кадрлық құрамды жасарту мен міндетті түрде ағылшын тілін білу қажеттілігі де бар. Бұл заман талабы. Барлық жаңашылдықтар транспаренттілікті және қабылданатын шешімдердің әділдігін барынша қамтамасыз ету үшін енгізіледі», – деп атап өтті вице-министр.

0 пікір
Мұрағат