Израил Мьянманы қаруландыруын тоқтататын емес
Израил Мьянманы қаруландыруын тоқтататын емес
7 жыл бұрын 3984 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдің жоғарғы сотына құқық қорғау ұйымдарының белсенділері Израил билігінің үстінен Мьнмаға қару сатуын тоқтатпағаны үшін шағым түсірді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Израил әлемде қару-жарақ саудасын қыздырып отырған елдердің бірі. Еуроодақ пен АҚШ-тың тыйым салғанына қарамастан, Израил Мьянмаға қару сатуын доғарар емес. Мьянмадағы азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандарға қарсы кезенген қаруден дені Израилде жасалған. Тіпті, Иран билігі Израилді Мьянмадағы рохиньялық мұсылмандардың қудалануына қатысы бар деп айыптап, мәлімдеме жасаған да болатын. Құқық қорғаушылардың шағымы бойынша қыркүйек айының 26-ы күні өткен сот мәжілісінде Израил мемлекеттінің мүддесін қорғаушы Шош Шмуели "сот Израилдің сыртқы саясатына араласпауы тиіс" деп талап қойды. Әзірге соттың қандай шешім шығаратыны белгісіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, Мьянмадағы радикалды буддашылардан бас сауғалаған рохиньялық мұсылмандардың қарасы бір млн адамға жуықтап ақлған.

0 пікір
Мұрағат