Израиль Газа секторында аурухана мен БҰҰ ғимаратын ойрандады
Израиль Газа секторында аурухана мен БҰҰ ғимаратын ойрандады
3 жыл бұрын 905

Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға көмек көрсететін Таяу Шығыстағы агенттігінің ғимараты Израиль әуе күштерінің шабуылына ұшырады. Ресми мәліметке қарағанда, бірнеше адам опат болып, ондаған адам жарақат алған. Израилдіктердің бірнеше зымыраны азық-түлік қоймасына түсіп, өрт шықты. Төтенше жағдай орын алған жерге азаматтық қорғаныс күштері тоқтаусыз жауған оқтан жақындай алмады. Соның кесірінен отқа оранған қоймадағы палестиналықтарға арналған азық-түлік түгел жанып кетті. Осының алдында израилдіктер Газа секторындағы жалғыз медициналық оңалту орталығын да жойған болатын. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтың да сау тамтығын қалдырмады. Осы орталықтағы үш мүмкіндігі шектеулі жан қаза тапты. Сондай-ақ, «Еуропа» емханасына да оқ жаудырған екен. Нәтижесінде бірнеше дәрігер жарақат алған. Соңғы дерек бойынша изарилдіктердің әуе шабуылынан 192 адам опат болып, 1400 адам жарақат алған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің дені бейбіт тұрғындар. Олардың арасында қарттар да, балалар да, әйелдер де бар.

0 пікір